Exit poll нәтижесі жарияланды

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Exit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды baq.kz. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова “Орталық коммуникациялар қызметінде” өткен брифингте мәлімдеді. Exit poll нәтижесі мынандай: «Nur Otan» партиясы – 71,97% Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –- 10,18 % Қазақстанның Халық партиясы – 9,03 % «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,75 % «ADAL» саяси партиясы – 3,07% Айта кетсек, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00 аралығында жүргізілді.