«Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» автошеруі еліміздің барлық қалаларында өтті

0
358

«Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» автошеруі еліміздің барлық қалаларында өтті. Мұндай креативті әрі ерекше науқанды «Ақ жолдың» республикалық штабы дәстүрлі түрде үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде ұйымдастырады.

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріндегі «Ақ жол» партиясының кеңселерінен жалаулар мен демпартияның үгіт атрибуттарымен безендірілген ақ автокөліктер легі бір мезгілде жолға шықты.

Көліктердің түсінің ақ болуы кездейсоқтық емес, ол «Ақ жол» демократиялық партиясының атауы – жарқын жолмен сәйкес келеді. Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын білдіреді.

Автокөліктердің бағыттары қазақстандық қалалардың барлық орталық көшелерін, көпірлерін, жолайырықтарын және даңғылдарын қамтыды. Науқанға қатысушылар азаматтарды 10 қаңтарда сайлауға келіп, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаражатынан төленді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз