Елордада барлық бағыттағы жолдар жабылды

0
115

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық тас жол бағыттар бойынша шектеу енгізіледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің телеграм арнасы хабарлады.

«Казахавтодор» ЖШС және «ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша 07.01.2021 ж. сағат 22:00 ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық тас жол бағыттары бойынша қоғамдық көлікпен дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі, – делінген хабарламада.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз