Азат Перуашев Өскеменде еңбек ұжымдарымен кездесті

Бүгін Азат Перуашев еліміздің шығысында болып, жергілікті еңбек ұжымдарымен кездесті. Сапар аясында Перуашев Өскемен ГЭС-нің жаңғырту жұмыстарымен танысты. - Кәсіпорында ғимараттар мен қондырғылардың амортизациясын салық органдарының түсіндіруіне байланысты сауалдар бар және Салық кодексін нақтылауды сұрайды. Ұжым "Ақ жол" демпартиясын біледі, саланы қолдағаны үшін алғыс айтады. Дәл осындай кездесу Үлбі металлургия зауытының ұжымымен де болды. Жас отбасыларды қолдау, білім жүйесін реформалау, таланттардың сыртқа кетуі, жемқорлыққа тосқауыл жөнінде көптеген сауалдар қойылды. Өзіміздің позициямызды білдіріп, "Ақ жол" демпартиясының аталған мәселелерге байланысты бастамалары жайлы айтып бердім, - деп жазды ол өзінің телеграм каналында. Сонымен қатар, Азат Перуашев Өскемендегі Ж.  Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында болып, ұстаздар қауымымен жүздесті. - Жүз жылдық тарихы бар бұл мектептен елімізге есімі белгілі көптеген тұлғалар түлеп ұшқан. Солардың қатарында "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов та бар,  деп жазды А. Перуашев.