Димаш өмірлік ұстанымы бойынша ешқандай саяси науқанға қатыспайды - Қанат Айтбаев
2021 ж. 06 қаңтар
1545
0
Димаш Құдайберген ешқандай партияға мүше де емес, қолдауға да шақырмайды. Бұл туралы әкесі Қанат Айтбаев жазды, - деп хабарлайды baq.kz.
Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге «үндеу жасап» жүрген суреттері таратылып жүр екен.
Халықаралық келісімшарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!, - деп жазды әкесі Қанат Айтбаев.