Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАСЫ»  деп танылды

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы, Мәдениет саласының үздігі Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «100» қайраткер әйел: анықтамалық-энциклопедиясына енген болатын. Мекеме басшысы 40 жылға жуық кітапхана саласында еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген қайраткер ұстаз. Оның жетекшілігімен республикалық және халықаралық бағыттағы жобалар мен түрлі тақырыптағы әдеби-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, отандық ғылымның дамуы жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Осыдан жүз жыл бұрын 31 желтоқсан күні Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана-оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күні болып саналады. Ал 1931 жылғы 12 наурыздағы «ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы Қаулысына сәйкес Кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. 1931 жылғы 5 мамырдан бастап оқырмандарға қызмет көрсете бастады. 1937  жылы  ақпанда кітапханаға ұлы орыс ақыны  А.С.Пушкиннің есімін мәңгі есте қалдыру үшін және қайтыс болуына 100 жыл толуына байланысты ақынның есімі берілді. 1991 жылы кітапханаға «Ұлттық» мәртебесі берілді. Кітапхана ғимараты 1970 жылы арнайы жобамен салынған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №119 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілді. Ұлттық кітапхана басшысы мен  ұжымын бүгінгі айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта кітапхана саласының дамуына сүбелі еңбек сіңіріп, жұмыстарыңызға толағай табыстар мен сәттіліктер тілейміз.