Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанға гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ол Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Тәжікстанға оның құрамына өкпені жасанды желдету және оттегі ингаляциясы бар «Кокчетав-4П» 100 портативті аппараттарын тапсырды.

Гуманитарлық көмекті Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозода қабылдады.

Елші өз сөзінде Тәжікстан – Қазақстанның сенімді серіктесі және одақтасы, достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық ынтымақтастық пен екі бауырлас ел арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде гуманитарлық өлшемде де қарқынды дамып, нығайып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Д. Абдуллозода тәжік тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын жеткізді.