Қарағандыда ҚХП-ны қолдауға арналған флешмоб өтті

27 желтоқсанда Қарағанды аспанынан Қазақстан Халық партиясының «Әлеуметтік мемлекет құру үшін!» деген ұраны жазылған әуе шары ұшып өтті. Мыңдаған тұрғын қала үстінен өткен түрлі-түсті дирижабльді тамашалады, - деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Біз бұл флешмобты 10 қаңтарда өтетін сайлауды қолдау мақсатында өткіздік. Қазақстан Халық партиясы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті, елдегі экономикалық және саяси өзгерістерді қолдайды. Біз ел азаматтарының мүдделерін бәрінен жоғары қоямыз. ҚХП жер ресурстарын әділ бөлінуін және азаматтардың лайықты еңбекақы алуын жақтайды. Біз мұқтаж адамдарға төленетін әлеуметтік төлемдерді арттыруға ниеттіміз. Қазақстан Халық партиясының басты құндылығы – адамдар. Сондықтан біздің партия азаматтарды мемлекет тарапынан сапалы әрі жан-жақты қорғауға қол жеткізуге ниетті», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ольга Карташева.

Әуе шарын аспанға ұшыру Юго-Восток шағынауданында өтті. Шара басталатын жерге 80-нен астам адам жиналды.