«Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбе облысына барды

«Nur Otan»  республикалық сайлауалды штабы Ақтөбе облысына барды. Партия мүшелері қалалар мен ауылдардың тұрғындарымен, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірнеше ондаған кездесулер өткізді, - деп хабарлайды aqmolanews.kz.

Сапар барысында нұротандықтар Ақтөбе темір-бетон өнімдерін өндіретін “СтройДеталь” зауытында болып, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында партия өкілдері сайлаушыларды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.