«Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбе облысына барды
2020 ж. 28 желтоқсан
595
0

«Nur Otan» республикалық сайлауалды штабы Ақтөбе облысына барды. Партия мүшелері қалалар мен ауылдардың тұрғындарымен, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірнеше ондаған кездесулер өткізді, - деп хабарлайды aqmolanews.kz.
Сапар барысында нұротандықтар Ақтөбе темір-бетон өнімдерін өндіретін “СтройДеталь” зауытында болып, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында партия өкілдері сайлаушыларды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.