«Ақжолдықтар» қасиетті Түркістанда

0
225

Түгел түркінің рухани ордасы Түркістанға сапар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етуден басталды . Түркі әлемі пір тұтқан Әзірет Сұлтанға, осында жатқан қазақтың хан-сұлтандары мен батырларына, ақындары мен билеріне, игі жақсыларға бағышталып құран оқылды.

Айта кету керек, «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің сегізінші бабасы – қазақтың бас қолбасшысы болған Бөгенбай батыр осы қасиетті кесенеде жатыр.

Одан кейін Түркістандағы «Фараб» мақта комбинаты ұжымымен кездесу болды. Жұмысшылар алдында «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев партияның бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса партияның ұлттық идеологиясы туралы және Түркістанның түркі әлеміндегі ерекше орнына тоқталды. Алаш идеясы, Қазақ Республикасының 100 жылдығы туралы айтты.
«Ақ жол» партиясы мүшесі, белгілі қайраткер және кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Анарбек Орман халықтың жағдайының оңалуы үшін кәсіпкерлерге жағдай жасалуы керектігін, ол үшін «Ақ жол» партиясы ұстанымдарын қолдау керектігін сөз етті.
Комбинат директоры, Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбдірасул
Құрбанәлиев кәсіпорынның жағдайымен таныстырды.

Ақжолдықтар Түркістан қаласындағы қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Лениннен «қызба қазақ» деген ат алған, Сталинге батыл тойтарыс берген Сұлтанбек Қожанұлы 1925 жылы оған дейін «қырғыз» аталып келген автономиялық республиканың «қазақ» атын қайтарған қайраткер. 1920-1927 жылдары шыққан, Алаш идеясын жалғастырған «Ақ жол» газетінің ұйымдастырушысы және тұңғыш бас редакторы болды.
Биыл Қазақ автономиялық республикасына 100 жыл толды. Бұл мемлекеттік деңгейде атап өтілуі тиіс мереке еді. Тек «Ақ жол» партиясы ғана бірнеше іс-шаралар өткізді. Ғылыми конференциялардың бірі жинағының 25 томдығының шығарылуына арналды. Бұл жинақ «Ақ жол» партиясының қолдауымен жарық көрді. Құрастырушысы қазақтың белгілі ақыны, партия мүшесі Ханбибі Есенқарақызы.

Содан соңақжолдықтар Түркістан қаласындағы «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы офисінде сайлау штабы жиынын өткізді. Жиында облыстағы сайлау үгіт-насихат шараларының барысы туоалы Түркістан облысы «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы төрағасы Абзал Салықбаев мәлімет берді. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттығына кандидат, белгілі саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Анарбек Орман, Мақсұт Ордабаев және тб сөйлеп, сайлау барысын талқылады.

Халықпен кездесу енді Арыс қаласында жалғасады.

«Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаражатынан төленген

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз