"Ақ жол" партиясы Шымкент пен Түркістан өңіріне келді

"Ақ жол" партиясы Шымкент пен Түркістан өңіріне келді.

"Ақ жол" партиясы қасиетті жұма күні сайлаудағы үгіт сапарын ордалы Оңтүстіктегі шырайлы Шымшаһардан бастады. Әуежайдан түсе салысымен Азат Перуашев бастаған ақжолдықтар автошеруге Ақ жол тіледі. Тәуелсіз еліміздің көк туы бастаған автошеру әуежайдан бастап қаланы аралап, "Қасірет" саяси репрессияға ұшырағандар мемориал-мұражайына ат басын тірейді.

Ақжолдықтар бұдан соң әуежай іргесінде "Скат" авиакомпаниясы салып жатқан жаңа әуежай терминалы жұмысымен танысты. Бас мердігер "АльянсКонтракт Құрылыс" ЖШС. "Скат" авиакомпаниясы президенті В.И.Денисовтың айтуынша, еліміздегі үшінші мегаполисте баяғыдан керек болып жүрген алып терминал іске қосылғанда сағатына 2 мың жолаушыны қабылдай алады. Барлық параметрлері мен мүмкіндіктеріне қарағанда, Орта Азиядағы ең мықты терминалға айналып, Оңтүстік Қазақстанның әуе көлігі хабы болмақ. Құрылыста жұмыс қызу жүріп жатыр. В. И. Денисов терминал құрылысына қатысты кейбір мәселелерді де жеткізді.

"Ақ жол" партиясына сайлауда Ақ жол тіледі.

Халықпен кездесу жалғасуда,

"Ақ жол" партиясы ертең сапарын қасиетті Түркістан өңірінде болады.

"Ақ жол" партиясы сайлау қоры қаражатынан төленді