Азат Перуашев бүкіл ұжымы «Ақ жолға» мүше Талдықорған аккумулятор зауытында болып қайтты

Азат Перуашев «Қайнар» аккумулятор зауытында болды.

Кәсіпорын тапсырыс көлемінің үлкендігіне байланысты демалыссыз жұмыс істеп, өндіріс көлемін тұрақты түрде өсіріп келеді. Айына 340 мың аккумулятор өндіре алатын кәсіпорынға желтоқсан айында 550 мыңнан астам тапсырыс келіп түсті. Осыған байланысты зауыт қуаттылығын шұғыл түрде кеңейтіп, қосымша жабдықтар орнатуда. Ағымдағы жылы өндіріс 2,6 млн. акумуляторды құрайды, келесі жылы кәсіпорын 3 млн. аккумуляторға дейін шығаруды жоспарлап отыр. Қазақстандық аккумулятор Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, БАӘ-ге, Польшаға, Германияға, Италияға және т.б. жеткізіледі.

Кәсіпорында 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді, көбі жастар, оған қоса кәсіпорында 30-40 жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандар да бар.

«Қолға алатын жалақымыз - 180-220 мың тг., бұл жасайтын еңбегімізге лайықты ақы! - деп атап өтті қызметкеркерлердің бірі. - Бірақ өзге проблемалар да бар. Локдаун кезінде өндіріс екі айға тоқтап қалды, ал енді пандемияның екінші толқыны күтуде. Өйткені адамдар өздерінің жұмыс орындары мен кәсіпорынның тағдырына қатты алаңдаулы».

Басшылықтың хабарлауы бойынша қорғасынмен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып есептеледі. Оның екі каналы бар: қорғасын сынықтарын қайта өңдеу және тау-кен металлургия кәсіпорындарынан қорғасын сатып алу. Қорғасын сынықтары бойынша миллион аккумулятор сатып алатын Өзбекстан ең перспективалы жеткізуші бола алады. Өз ресурсын өтеген аккумуляторлар қайта өңдеу үшін «Қайнар» зауытына қайтарылса болады. Бірақ Өзбекстан қорғасын сынықтарының экспортын тоқтатты және біздің келіссөз жүргізушілердің барлық әрекеттері сәтсіз аяқталуда.

Осыған орай, қазан айында «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы Үкіметке Өзбекстанмен тең құқықты сауда саясатын жүргізу қажеттігі және тиісті шаралардың қабылдануы жөнінде өтініш жасағаны туралы Перуашов өз сөзінде атап өтті.

Тау-кен металлургия компанияларынан қорғасын сатып алуға қатысты дайын өнімді отандық өндірушілердің мүдделеріне қысым жасалынатыны айқын. Оларға металл бағасы Лондон биржасының бағасымен қойылады, оған өндірушінің бағасынан басқа логистикалық шығындар мен трейдер компанияның сыйақысы да кіреді.

Нәтижесінде ішкі нарықтағы металдың құны негізсіз жоғарылауда.

«Шикізат алыптары біздің жер қойнауымыздан металдарды өндіреді, бірақ оларға өз компанияларымызға қайта өңдеу үшін сатқаннан гөрі, шетелге сату тиімдірек. Металды қайта өңдеу жұмыс орындарын беріп, дайын өнім ретінде экспортқа шығарар еді. Міне, жоғары құнды дайын технологиялық өнімдерді экспорттау деген осы!»,- деп атап өтті Азат Перуашев және бұл тақырыптар Үкіметпен пысықтауды талап ететінін айтты.

Оның пікірінше, аккумуляторларды экспорттау әлдеқайда тиімді, өйткені бұл бюджетке қосылған құн мен салықтар ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары, отбасылық кірістер, жұмысшыларға пәтер сатып алу немесе үй салу мүмкіндігі - жалпы алғанда «мультипликативті эффект» ұғымына енетін барлық нәрсе.

Әңгіме барысында қызметкерлер тұрғын үйдің қолжетімділігі, БЖЗҚ-дағы қаражатқа иелік ету, тұтынушылық кредиттер бойынша тонау мәселелеріне алаңдайтындарын жеткізді. Одан өзге ауыр және зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайлары бар қызметкерлер үшін зейнетке шығу жасын қысқарту (1 және 2 тізімдер) тақырыбы ерекше талқыланды.

«Көптеген металлургтер, кеншілер, химиялық өндіріс жұмысшылары 60 жасқа дейін өмір сүрмейтіндігін ескерсек, бұл мәселені көтерген әділетті деп санаймын. Сонымен қатар, Қазақстанда студенттер үшін ғана емес, жұмысшы жастар үшін де жатақханалар салса нұр үтсіне нұр болар еді. Немесе кәсіпкерлерді, компанияларды көтермелеп, олардың өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салу мүмкіндігіне ие болуы үшін тиісті преференциялар беру керек», - деді «Ақ жол» көшбасшысы.

Ол партияластарына «Ақ жол» бизнестің және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмыстың жалғасатынын айтты.

"Аұ жол" партиясы сайлау қор қаражатынан төленді