Тұрғындар «ADAL» партиясына шағымдарын жеткізуде

0
251

«ADAL» партиясы мүшелерінің Ақтөбе мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулері мазмұнды және қызу түрде  өтті.

Ақтөбе облысында сайлаушылармен кездесулерді Мәжіліс депутаттығына үміткерлер  Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Лаура Маликова, Ләззат Шыңғысбаева және партия өкілдері – Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев жалғастырды.

Ақтөбедегі кездесуге бизнес өкілдері, жастар және түрлі ұйымдардың қызметкерлері келді. Партия мүшелері партияның негізгі басымдықтарын айтып, аdalpartiyasy.kz сайтының қызметтері туралы әңгімеледі.

«Біз елдің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Күні ертең өз жетістіктерімізбен мақтанып, сайлаушыларымыздың көзіне тура қарайтындай қызмет еткіміз келеді. Ел тұрғындарының көпшілігі бізге сенді. Бұл өте маңызды! Адамдардың сенімі мен үміті бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – деп жалғастырды Л.Шыңғысбаева.

Партиялық бағдарламаның мәнін анықтағаннан кейін кездесу сұрақ-жауап форматына ауысты.

«Мен несиелеу бағдарламалары мен гранттық қолдаудың көбірек болғанын қалаймын және оларды бірнеше рет қолдана алатын болсақ, тіпті жақсы болар еді. Мен бір рет грант алдым, бірақ аяққа тұру үшін бизнеске көбірек көмек қажет», – деді кездесуге қатысушы.

Ақмола облысының Шортанды ауылында үміткерлер Ақмарал Бекмұрзаева мен Алина Асқарова жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізіп, оларға ауылды қолдау бағдарламасы туралы айтып берді.

Тұрғындар балаларының мектептегі шамадан тыс жүктеулеріне және оқу сапасының нашарлығына наразы. Сондай-ақ, ата-аналар балабақшалар балаларды үш жастан бастап қабылдайтындығын айтып, ал жәрдемақының тек бір жылға дейін ғана берілетіндігіне шағымданды.

Шортанды тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе – ауыз су жүйесінің тартылмауы екен.

«Қазір бізде берілген су қоры бар, бірақ әрі қарай не істеу керек екені түсініксіз. Біз таза суды қайдан алып ішеміз?»,- дейді ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ, партия атынан үміткерлер Ақкөл қаласына да барды.

«Ақкөл көлі өте қиын жағдайда. Барлық партиялар бізге көлді тазартуға уәде береді, бірақ оны әлі ешкім орындаған жоқ. Біздің мәселемізді шешулеріңізді сұраймыз», – деді қала тұрғыны.

Партия өкілдері «ADAL» үміткерлерінің арасында бұл мәселені жеке бақылауға алатын тәжірибелі эколог бар екенін атап өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз