Елордада төбелес кезінде екі ер адам мерт болды

0
240

Елордада Бетон зауытының аумағында төбелес болып, екі адам ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 22 желтоқсанда сағат 23.30-да «102» арнасына Бетон зауытының аумағында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу оқиға орнына полиция қызметкерлері барды.

«Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді. Біреуіне кеуде тұсынан оқ тиген, екінші адам қарын тұсынан пышақ салынған. Екеуі де қайтыс болды. Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың жеке басын анықтады. Олар Қызылорда облысында туып-өскен 39 және 44 жастағы ер адамдар болып шықты» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауруханаға 24 жастағы жігіт атыс жарақатымен жеткізілген. Жанжал араздасушылардың бірі қарызын қайтармауы салдарынан туындаған. Соңы төбелеске ұласып, пышақ және атыс қарулары қолданылған.

Оқиғаға қатысқан 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз