Қарағандылық кәсіпкерлер «Ақ жол» бастамаларын қолдайды
2020 ж. 23 желтоқсан
1169
0
Қарағандылық кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдады. Бүгін Қарағанды облысына «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар - Мәжіліс депутаты Дания Еспаева, «EСOJER» экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан Жәмпейісов және ЕҰУ жанындағы «Алаш» институтының директоры Сұлтан-Хан Аққұлы келді.
Партияның Қарағанды филиалының төрағасы Ермек Әбілдинмен бірге олар Қарағанды, Теміртау және Абай қалаларындағы бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарда болды.
Сапар «Сантехпром» зауытынан басталды. Кәсіпорын 20 жылға жуық жұмыс жасайды, ұжымда 300 қызметкер бар. Кәсіпорын бірегей, болаттан және акрилден жасалған бұйымдар шығарады, ал өнімнің 60% экспортқа жіберіледі.
Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Содан кейін Абай тігін фабрикасының ұжымымен кездесу өтті. Зауыт 2017 жылы 20 жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылған. 120 жұмыс орны құрылды, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар орнатылды. Қазір фабрикада балалар мен ересектерге арналған сырт киім, арнайы киім және т.б. тігілуде. Алайда, кәсіпорын басшылары атап өткендей, айналым қаражаты, мемлекеттік тапсырыс жетіспейді. Сонымен қатар фабрика мемлекеттік бағдарламалардың ешқайсысына қосыла алмайды, жергілікті билік тарапынан қолдау жоқ. Екінші деңгейлі банктер кредит беруден бас тартады, өйткені кепіл мүлкі қаладан тыс жерде орналасқан.
Сондықтан да олар «ақжолдықтарды» үлкен қызығушылықпен тыңдады. Партия өкілдері отандық өндірушілерді қолдау бойынша өз бастамаларымен таныстырып, бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстар, азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша ұсыныстар туралы айтып берді.
«Отандық тұтыну тауарларының жетіспеушілігі тақырыбы - өте өткір. Бұл жағдай біздің ішкі нарығымыздың импортқа тәуелділігін, валюта бағамының ауытқуын және инфляцияны тудырады. Сондықтан «Ақ жол» партиясы отандық өндірушілерді қолдаудың кешенді шараларын ұсынады», - деп атап өтті Дания Еспаева.
Үгіт-насихат тобының кестесіндегі келесі бөлім аймақ кәсіпкерлерімен кездесу болды. Қарағандылық кәсіпкерлер «Ақ жолдың» ағымдағы жұмысы туралы жақсы біледі - олар бірнеше рет көмек алу үшін жүгініп, қолдау тапқан болатын. Кездесу барысында әлемуеттік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің мәселелері көтеріліп, кәсіпкерлер осы мәселедегі «Ақ жол» ұстанымын толық қолдайтындарын жеткізді.
«Жергілікті жерлердегі бизнес үшін жер учаскелерін, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын және т. б. өзінің тікелей әсеріне шоғырландырған өңірлердегі ӘКК қызметі өзекті мәселе болды. Осы ресурстарға бизнес енді жобаларға үлес қосу арқылы ғана қол жеткізе алады. Соның нәтижесінде ӘКК-ні қорқытып алушылықтың заңды нысанына айналды. Бұл ретте, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ӘКК азық-түлік нарығындағы тұрақтандыру қорларының рөлін де атқара алмайды. Мұндай ӘКК-лерді олардың ресурстарын еркін айналымға бере отырып, жою керек», - делінген Демпартия бағдарламасында.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар «Ақ жол» партиясының маңызды бастамалары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басты салалары үшін ҚҚС-тың 0-6% деңгейінде төмендетілген мөлшерлемелерін енгізу және микробизнес пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толық босату іске асырылатынына сенім білдірді.
Осы шаралардан соң «ақжолдықтар» Абай ауданындағы Аза тұту монументіне барып, қаза тапқан кеншілерді еске алды.
"Ақ жол" партиясының сайлау алды қоры қаражатынан төленді