Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарымен кездесті

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы жас сайлаушылармен және «Ақ жол» партиясының құрдастарымен кездесу өткізді. Іс-шара жаңа технологияларды әзірлеумен, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын «KBT Store» компаниясында өтті. Компанияда 18-35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, «ақжолдық» Азат Сембинов басқарады.   Өз сөзінде Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарын өмірлеріндегі алғашқы сайлаумен, бірінші дауыс берулерімен құттықтады. -«Ақ жол» партиясына 18 жыл толды, өткен уақыт ішінде үш рет парламентке өтті. Көпшілігіңіз бірінші рет дауыс бермексіздер. Бұл сіздердің саяси өсулеріңіз және осы сәтте дұрыс таңдау жасау өте маңызды, - деді ол өзінің құттықтауында. «Ақ жол» көшбасшысы партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік туралы бөлімдерге ерекше тоқталды. -«Ақ жол» партиясы Қазақстанды мүмкіндіктер мемлекетіне айналдыруға ұмтылуда. Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, отанымызда жүріп даму перспективалары жастар үшін кез келген басқа елдерге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы тиіс. Сіздердің араларыңызда - болашақ министрлер, компания басшылары, бизнесмендер бар. Сіз өз ойыңызды кедергісіз жүзеге асыра алатын, кеткіңіз келмейтін елде өмір сүруіңіз керек. Біз дарынды жастардың елден кетуіне қарсымыз. Жыл сайын Қазақстаннан мыңдаған дарынды жас жігіттер мен қыздар кетіп, қайтып оралмайды – бұл біздің ұлттық қасіретіміз, - деп атап өтті Перуашев. Ол өз сөзінде партияның жастарды қолдау жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды. Атап айтқанда: «Ақ жолдың» отбасылардың ипотекаларын субсидиялау туралы, ауылдағы қолжетімді спорт кешендерінің қажеттілігі туралы, балалар мен жастарға арналған тегін спорт секциялары, жұмысшы жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй салу туралы ұсыныстар. -Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға бағытталған. Бірақ ешқандай отбасы бірден үлкейіп кетпейді. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңімен ынталандыру керек. «Ақ жол» партиясы 2012 жылдан бастап мынадай ұсыныс жасап келеді: Бірінші бала туған кезде және одан әрі әрбір келесі бала туғанда 25%-ға субсидиялап, 4-ші бала туған кезде отбасының ипотекасын 0%-ға дейін төмендете отырып, көп балалы отбасы санатына ауыстырылады. Қалаларға көшетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер шағын өндірістерге, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымға арналған үй-жайлары бар ықшам әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс. Мұндай тұрғын үй қарапайым және арзан болуы керек, сондықтан жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істей бастайды – аяққа тұрып, өздеріне ыңғайлы жағдай жасайды. Қазақстанның болашағы- Сіздер, біз бірге Отанымызды көркейтуіміз керек!,- деп Перуашев жас сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды. «Ақ жол» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

«Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаражатынан төленді