Көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, 8 адам ауруханаға жеткізілді

Жарылыс салдарынан 8 адам жарақат алды. Арасында балалар да бар.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, жарылыс көпқабатты үйдің бірінші қабатында болған.

Өрт сөндірушілер келгенше көршілері алты бала мен екі ересек адамды құтқарған. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Болжам бойынша, үй иесі сырттан газ баллонын әкелген. ТЖМ мәліметінше,  үй орталық газ құбырына қосылған. Сондықтан газ баллонды пәтерге не себепті алып келгенін анықтап жатыр.