Қытайға бала сатқан қазақстандық суррогат аналарға іздеу жарияланды
2020 ж. 18 желтоқсан
1109
0
Красноярскіде жаңа туған сәбилерді саудалау бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды baq.kz.
Красноярск өлкесіндегі Тергеу комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың тамызында 32, 27 және 34 жастағы Қазақстан азаматшалары бір миллион рубль көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Қытай азаматтарының баласын өмірге әкелу туралы келісім жасаған және 2020 жылдың сәуірінде Красноярскідегі медициналық мекемелердің бірінде екі ұл мен бір қызды өмірге әкелген. Олар баланы күтушіге қалдырып, өздері Қазақстанға қайтқан.
Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 127.1-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Балалар мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды. Олардың биологиялық анасы мен әкесі тергеу үшін және зерттеу жұмыстарын салыстыру үшін биологиялық материал алу мақсатында іздестірілуде.