АУЫЛДЫҚТАР "КАШЕМИР" ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламент Мәжілісіне кандидаттар бастаған "Ауыл" партиясының үгіт-насихат тобы Шымкент қаласының маңындағы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "Шымкент Кашемир" жүн өңдеу зауытына барды, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Шағанбек Кәрібайұлы "Ауыл" партиясы ұсынған бастамалары қалыптасқан мәселелерді, яғни зауыт құрылған сәттен бастап қол байлау болған және жобалық қуатын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отырған тетіктерін көздейтінін айтты.

Атап айтқанда, "ауылдықтардың" АӨК субъектілерін ҚҚС-тан босату жөніндегі ұсыныстары жұқа және жартылай жұқа жүн сатып алу процесін көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстанда өндірілетін қой жүнінің 70% - дан астамын жеке тұлғалар сатып алады және Қытайға жуылған күйінде, бірақ терең өңдеусіз кетеді. Яғни, қосылған құнсыз! Зауыт ҚҚС салушысы болып табылатындықтан және салық бойынша міндеттемелері бар болғандықтан, дайындау кезінде сатып алудың бірегей бағасын белгілей алмайды.

"Шымкент Кашемир" ЖШС жұмыскерлерін партияның коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасы ерекше қуантты. Өйткені, мұндай шара зауытқа шығындарды едәуір үнемдеуге және үнемделген қаржыны жалақыны көтеруге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, "Ауыл" партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламасын түсіндіре отырып, "Шымкент Кашемир" зауытына ғана емес, сонымен қатар жеке ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алатын барлық өңдеушілерге де ҚҚС қиындықтар туындататынын айтты.