«Ақ жол» өкілдері маргарин зауытының ұжымымен кездесті
2020 ж. 11 желтоқсан
1991
0
Бүгін «Ақ жол» партиясының өкілдері Алматыдағы маргарин зауытының ұжымымен кездесті.
Бұл зауыт пандемия салқынын соншалық сезе қоймаған. Өйткені, өнідісте азық-түлікке деген сұраныс азаймаған. Өндірісте жылына 60 миллион литр сусын өндіріледі. Айналымдағы ақшаның көлемі де ауқымды. Сондықтан, зауыттағы 200-ден аса қызметкер жұмыс орнын сақтап қалған.
Ендігі мәселе олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, барынша қолайлы орта қалыптастыру. Бұған қоса, кездесу барысында қолжетімді баспана, сапалы медицина және білім жүйесіне қатысты мәселелер де көтерілді.
Бүгін сонымен қатар Алматыда «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізі таныстырылды. Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Дмитрий Васильевтің пікірше мұндай кәсіпорындар отандық өнім шығарып, ел экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып жатыр.
Сәйкесінше, мұндай өнідірстердің жұмысшыларына жайлы жағдай жасалуы керек. «Ақжол» партиясының өкілдері алдағы күндері де осындай еліміздегі ірілі-ұсақты өндіріс ошақтарын аралап көрмек.