Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты хабарлады.

Кездесуде Б.Байбек Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияның үгіт-насихат кезеңіне әзірлігі және «Jas Otan» жастар қанатының съезін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.

Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.