«Ак жол»: Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары бизнесті дамыту жолында тежегішке айналды

ӘКК бизнесті дамыту жолында тежегішке айналды. Бүгін Меруерт Қазбекова аталмыш мәселе туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында мәлімдеді

ҚР Ұлттық экономика министрі

Р.Е. Даленовке

ҚР Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігінің төрағасы

С.М. Жұманғаринге

Бұған дейін «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында кәсіпкерлікке мемлекеттің негізсіз қатысу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.

Осы сауал өзінің негізгі концепциясынан әлдеқашан бас тартқан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының (бұдан әрі – ӘКК) қызметіне қатысты. ӘКК құру идеясын Елбасы 2006 жылы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқан болатын.

ӘКК экономикалық белсенділікті, оның ішінде тартылған инвестициялар арқылы ынталандыратын активтерді тиімді басқаратын өңірлік даму институттарына айналуға, өңірлерде орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болуға тиіс еді.

Дәл осындай міндеттер ӘКК-нің 2020 жылға дейінгі даму концепциясында белгіленген және Үкіметтің 2012 жылғы тапсырмасымен бекітілген. Осы құжат негізінде 17 ӘКК құрылды.

ӘКК қызметінің басты бағыттарының бірі тұрақтандыру қорлары арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру болды. Тұрақтандыру қорларының міндеті - бағаның өсуі кезінде азық-түлік нарығына араласу.

Министрліктің деректері бойынша ағымдағы жылдың 11 айы ішінде ӘМАТ-на бағаның өсуі 9,6%-ды құрады, бірақ іс жүзінде - 25-30%.

Нақты араласу әлеуметтік маңызы бар тізімнен жекелеген азық-түлік өнімдері бар өңірде нарықтық бағадан төмен бағалар бойынша нүктелердің болуы туралы баянатқа келіп түседі. ӘКК-ның бұл бағыттағы жұмысы «бюджеттегі ақшаны ауаға ұшыруға» алып келді, өйткені азық-түлікті төмен бағамен сатып алу күзде жүргізіледі. Оларды бағаның өсу кезеңіне дейін сақтауға жұмсалатын шығындар және өнімдерді сату баға үстемесіз және көбінесе компаниялар үшін теріс құн бойынша жүргізіледі.

Делдалдарсыз өнім өндірушілерді ынталандыру және өткізу мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісін және сауда-логистикалық орталықтарды дамыту арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру жөніндегі мемлекеттің көзқарасын қайта қарау қажет.

Іс жүзінде қазіргі уақытта ӘКК функциясы атқарушы биліктің ағымдағы, өңірлік проблемаларын шешу болып табылады.

ӘКК қызметі көбінесе бәсекелестігі дамыған нарықтарға негізсіз қатысу жолымен бәсекелестікті шектеуге әкеп соғады. Мысалы, «Астана» ӘКК қарамағында өз қызметін абаттандыруда, ландшафтық жоспарлауда, ШОБ субъектілерінің саны көп ғимараттар, құрылыстар салуда жүзеге асыратын 10-ға жуық нарық субъектісі бар.

Мысалы, 2016-2019 жылдар аралығында «Астана» ӘКК ЖАО-мен бір көзден шарт жасасу арқылы құрылыстарды күтіп ұстау және форумдар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге 2 млрд. теңгеден астам қаражат алды, дегенмен бұл нарықта бизнес белсенді жұмыс істейді. Бәсекелестікті шектеу бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеледі. Шағын және орта бизнес бәсекелестік процесінде өз қызметтерін квазимемлекеттік сектормен салыстырғанда неғұрлым төмен бағамен және сапасы жақсы деңгейде жүзеге асырады.

Жер учаскелерін бөлу процесінде мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпорындарға артықшылық беру фактілері орын алады, ал оған құрал ретінде ӘКК пайдаланады.

Бұл механизм ӘКК-дың байқау рәсімдерін айналып өтіп жер учаскелерін беруін білдіреді. Бұл жерлер кейіннен бірлесіп құрылған кәсіпорындарға жарғылық капитал ретінде беріледі. Ал соңынан ӘКК үлесін жеке меншік иелері сатып алады, бұл байқаудан тыс жер учаскелерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Мысал келтірейін: Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық бақтағы фитнес-орталықтың құрылысы.

БАҚ ақпараты бойынша, құрылыспен «Profit Project» ЖШС айналысады, онда «Астана» ӘКК-ның 9% мөлшеріндегі үлесі бар. ӘКК-нің 9%-дық үлесі бар қатысуы «Profit Project» ЖШС-не байқаудан тыс қала орталығында жердің әдемі бөлігін алуға мүмкіндік берді, бұл елорда тұрғындарының наразылығын тудырды.

Бүгінде ӘКК-ның қызметті дамыту мен мамандандырудың бірыңғай бағыты жоқ, орталық мемлекеттік органдар олардың жұмысына жүйелі негізде талдау жүргізбейді, атқарушы органдар тарапынан бақылау жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» ҚДП Ұлттық экономика министрлігіне және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келесі мәселелер бойынша жүгінеді:

1. Өңірлердегі ӘКК-ның рөлі мен міндеттерін айқындап алу. Олардың осы қазіргі күйі бизнесті дамытуға кедергі болып табылады және таратылуға жататын тиімсіз институт болып табылады.

2. Егер министрлік олардың қызметін орынды деп есептесе, онда ӘКК қызметі мен дамуының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа концепциясын әзірлеп, бекіту қажет.

3. Кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысу концепциясын әзірлеу. Жаңа мемлекеттік кәсіпорындар құруға қатысты мораторийді ұзарту.

4. ӘКК қызметіне олардың тиімділігіне және 2012 жылғы концепцияға сәйкес қойылған міндеттерді орындауға талдау жүргізу, тиімсіз кәсіпорындарды жою.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары