Қазақстанда 6 авиакомпанияның қызметі тоқтатылған
2020 ж. 08 желтоқсан
1274
0
2020 жылы алты қазақстандық авиакомпанияның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары пайдаланушының 43 инспекциялық тексеруін және 8 сертификациясын жүргізді. 6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. BekAir, Sigma Airlines әуе компанияларының сертификаттары қайтарып алынды", - делінген хабарламада.
Авиациялық әкімшілік әуе кемелеріне 240 инспекциялық тексеру жүргізді, 79 азаматтық әуе кемелеріне мемлекеттік тіркеу куәлігі берілді, ұшуға жарамдылық туралы 145 сертификат, 17 авиациялық техникаға техникалық қызмет көресету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты берілді.
Әуежайларға 15 инспекциялық тексеру, 20 сертификациялау жүргізілді. Авиация персоналына куәлік беру бойынша 2638 мемлекеттік қызмет, авиациялық оқу орталықтарына 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 3 авиациялық оқу орталығының қызметі тоқтатылды: Bek Air, Ultuga және Sky School.
Қазақстан Республикасында 788-ден астам әуе кемесі, ал 500-ден астам әуе кемесі шетелде тіркелген және елде пайдаланылады. 2020 жылы қазақстандық әуе компаниялар 70-тен астам репатриациялық рейсті орындады. Шамамен 11 мың жолаушы тасымалданды.