Елорда тұрғындары интернеттің әлі де дұрыс істемей тұрғанын айтуда

Дүйсенбі, 7 желтоқсанда таңертеңнен бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары кейбір интернет сервистерді пайдалана алмай қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағат 10.00-дегі жағдайға сәйкес, Downdetector сайты Нұр-Сұлтан, Алматы мен Жезқазғанда Instagram, Google сервистерінің жұмысында ақаулықтар бар екенін көрсетіп отыр. Алматыда Youtube жұмысы ақсаңқырап тұр.

Кейбір астаналықтар Telegram мессенджерінің жұмысындағы ақаулықтарға шағымдануда.

5 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында "Кибер қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020" атты оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеген. Сосын 6 желтоқсанда астаналықтар шынымен де Facebook, YouTube және өзге де сайттар мен әлеуметтік желілердің ашылмай қалғанына шағымдана бастаған.