Мешітте қыз зорлаған имам үшін Бас мүфти кешірім сұрауы керек…

13
4295

                                               

 Мұрат Телебеков Бас мүфтиді тығырыққа тіреді

Он екі жасар қызды зорлады деп айыпталған Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылының имамының ісіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы өз еркімен қызметінен кетуі керек. Қазақстан мұсылмандарының одағының (ҚМО) төрағасы Мұрат Телебеков (суретте) осындай талап қойып, арнайы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасына хат жолдады. Онда жаңадан сайланған Бас мүфти Ержан Маямеровтан болған оқиғаға түсініктеме беріп, халықтан кешірім сұрауы талап етілген.

ҚМО төрағасы Мұрат Телебековтың айтуынша, аймақтағы аудан, ауыл имамдарының бәрі Оңтүстік Қазақстан облысының өкіл имамына бағынады, сондықтан олардың ісіне облыстың өкіл имамы тікелей жауапты. «Егер облыс имамының ұяты бар болса, ол тезе арада өз еркімен қызметінен кетуі керек» деді ол. Сонымен қатар, Мұрат Телебеков жаңадан сайланған Бас мүфти Ержан Маямеровтың осы жағдайға орай шешімталдық пен принципшілдік танытуын талап етіп отыр. Бұлай істемесе Бас мүфтидің «құны көк тиын» екенін айтып, оның  да «тез арада қыметінен кетіп, орнын лайықты адамға босатуын» талап етті.

Бұған дейін ақпарат құралдарында хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылының имамы 12 жасар қызды зорлады деген айыппен қамауға алынған болатын. Оқиға 21 ақпанда болған. Қыздың шешесі құқық қорғау органдарына шағым айтқан соң, сол күні Қайнарбұлақ ауылының имамы қамауға алынды. Аудан прокуроры Сұлтан Ормановтың айтуынша, имамға Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-тармағы бойынша айып тағылған. Бұл бапта күш көрсетіп жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу барысында жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген немесе өлтіріп алған, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балаға қарсы жыныстық қылмыс жасағандарға белгіленетін жаза туралы жазылған. Жалпы, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша, 14 жасқа толмаған қыздарды зорлау аса ауыр қылмыс ретінде саналып, ондай қылмысқа ауыр жаза қолданылады.

Он екі жасар қызды зорлады деп айыпталып отырған имам 26 жаста, үйленген, оның бір баласы бар екен. Бірақ, ол отбасынан бөлек, мешіт ішінде тұрып келген. Полиция таратқан мәлімет бойынша, қылмыстық оқиға мешіт ішінде болған. Имам қамауға алынған соң өзінің кінәсін мойындап, өзінің бұл ісіне қатты өкінетінін айтыпты.

Ерасыл Бердібек

Serke.kz

13 ПІКІРЛЕР

  1. Бул бир гана окига емес. Тараз каласынан да бурыныракта осындай окиганы естигем, бирак оны ешким билмеген. Кызды ешкимге айткызбай кажетине жаратып журген бир имам. Биз билмейтинимиз каншама. Кудай жазасын берсин. Биздин зан оте алсиз, сол ушин кылмыс коп, ашылганы бар, ашылмаганы бар. Заннан корыкпаган сон билгенин истеп журе береди да… Окиништи

  2. ОКО Кайнар булактагы кыз зорлау фактиси аныкталып жатыр дисин не сонда коздеринмен кординдерма или устап алдындарма мен айтайын адамсындарма осекши ешкашан ахиретте тоззактан шыкпайды ал жала жапкан адам еш уакытта кияметте сураксыз тозакка лактырылады соны есиннен шыгармандар ол имамды корламай сол жерге садака сурап барган кыздын ози арам арам барган жерде карасы иманды имамга тиді ал жогарыдагы муфти Абдысаттар не бурынгы алматы тауында жас 13 14 15 жастагы селкаларды сиккенде не соларды коздерин кормей калама балык бастан казак айтат онсызда казак аркимге коттерин ашпай занды дурыс баскарындар казакка макал естеринде болсын акылдылар ( Көрип алып шашын ал , еситкеннин басын алмай )

  3. Менин ойлауымша кыз зорланбаган ол имам адал соны кінəлағандан харам жала жауып жатканымен иси жок ей надан казак котин тесик не оттап жатсын имамды кінəлам ал таза жолмен жургилерин келема шымкенттеги саунаны жабындар егер коттер таза болып ауызын куранда болып неге пактенип жатсындар КР заны таза болса сауына занда барма казактын талай кызы сигилип жатыр котин сассык молда смак зангер лер не оларды коздерине котак басканба шамалы ойлап жазсай жазатын зан зан демей зан не сауынага казак кыздары толсын миндетти турде демеген шыгар кайдагы имамды корламай котакбастар

  4. Қали Жандос дұрыс айтады. Басқа пәле тілден және еки бұттын арасынан. Өзімізге-өзіміз ор қазбайық ағайын!.. Қазақ айтпайма бас жарылса тұмақ ішінде,-деп. Бірақ менде жазасыз қалсын демеймін. Жария ете бермейік.

  5. Осы оқиғаны тележурналистер, әсіресе орыстілділер, сүйінші сұрағандай жаппай хабарлап жатты. Меніңше, дінімізге, діндарларға, мешіттерге қатысты бәзбір ұнамсыз оқиғаларды жария ғып өзіміздің «артымызды ашуымыз» қате! «Жабулы қазан жабулы күйде қалсын» демеймін, күнәкар болса жазасын алуы тиіс. Мұндай жайттарды паш ете отырып, бәзбіреулердің дінімізге деген сенімділігін азайтамыз, басқа діндегілерге бүкіл мұсылманды озбыр, хайуан етіп көрсетеміз. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген. Бір оңбағанға бола бүкіл діндарларға күйе жақпайық дегенім ғой.

  6. Бірақ, ол отбасынан бөлек, мешіт ішінде тұрып келген. Полиция таратқан мәлімет бойынша, қылмыстық оқиға мешіт ішінде болған. Имам қамауға алынған соң өзінің кінәсін мойындап, өзінің бұл ісіне қатты өкінетінін айтыпты.
    Бөлісу…
    ————————————————————————————–
    Негізі, кейбір жартыбастарға дін наркотик сияқты әсер береді-ау.
    Кезінде, Ленин, «дін-апиын»- деп, бекер айтпаған шығар.

  7. Мұрат Телебеков Бас мүфтиді тығырыққа тіреді

    Он екі жасар қызды зорлады деп айыпталған Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылының имамының ісіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы өз еркімен қызметінен кетуі керек. Қазақстан мұсылмандарының одағының (ҚМО) төрағасы Мұрат Телебеков (суретте) осындай талап қойып, арнайы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасына хат жолдады. Онда жаңадан сайланған Бас мүфти Ержан Маямеровтан болған оқиғаға түсініктеме беріп, халықтан кешірім сұрауы талап етілген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз