BAQ.KZ сайтына 10 жыл

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған BAQ.KZ сайтының қызмет етіп жатқанына 10 жыл толды.

AWARD 2014 сыйлығының «Үздік масс-медиа» номинациясының ІІІ орын жеңімпазы атанған порталда қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерделенген толыққанды материалдар күнделікті жарияланып тұрады.

Осы мерейлі датаға орай "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің редакциясы атынан әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, толағай табыс тілейміз.