«Коммунистер» Nur Otan мүшесін өз атынан Мәжіліске үміткер ретінде қосқан
2020 ж. 24 қараша
1461
0
Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия – ред.) Маңғыстау өңірі бойынша қоғам белсендісі Римма Өтесбаеваны Мәжіліске үміткер партиялық тізімге енгізген. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Бибігүл Рамазан жазды.
«Бүгін әлеуметтік желіде жақында атауын өзгерткен Қазақстан Халық партиясының өңірлер арасынан Мәжіліске кандидаттар тізімін жариялағанын оқыдым. Маңғыстау өңірі бойынша қоғам белсендісі Римма Өтесбаева коммунистік партия атынан Мәжіліске үміткер екен. Ал Римма замандасым Nur Otan партиясынан Маңғыстау облыстық маслихатқа депутаттыққа үміткер. Бұл қалай болғаны? Бір адамның екі партияда жүре беруіне бола ма?», - деп, Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденейге сауал жолдады.
Бүгін расымен де Қазақстанның халық партиясының өңірлер арасынан Мәжіліске кандидаттар тізімін жариялаған. Партиялық тізімде 17 өңірден 125 адамның аты-жөні жазылған. Тізімде Маңғыстау облысының атынан түскен 5 кандидаттың қатарынан Роза Махамбетова (Маңғыстау обл. қоғамдық кеңесінің мүшесі), Ерғали Әнесов (Маңғыстау обл. арнайы мониторинг тобының мүшесі), Римма Өтесбаева (Маңғыстау обл. арнайы мониторинг тобының мүшесі), Жеңіс Қайранов («Джи-джитсу клубы және Бейнеу жекпе-жек» қоғамдық ұйымының жетекшісі) және Сағындық Рзахметов («Ақтау ТВ» телеарнасы директорының орынбасары) сияқты есімдерді кездестіресіз.
" alt="" aria-hidden="true" />
Қоғам белсендісі Римма Өтесбаева осы жағдайға қатысты Facebook желісінде жазба қалдырып, Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия – ред.) мүшелігіне кірмегенін, тіпті кіру ойында болмағанын айтты. Алайда, ол бұл жазбасын өшіріп тастады.
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz