Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

Jýsan Bank және «Мобайл Телеком-Сервис» Jýsan сервистері мен қызметтерін пайдалануды бұрынғыдан да тиімдірек ететін Jýsan Mobile мобильді байланысын қосып жатыр.

Jýsan Mobile виртуалды мобильді байланысы (MVNO) Tele2/ALTEL желісінің негізінде іске қосылып жатыр және бүкіл Қазақстан бойынша оператордың қамту аумағындағы абоненттерге қолжетімді болады. Жобаның техникалық интеграторы – «KazTransCom» АҚ.

«Jýsan Mobile виртуалды операторын іске қосу біздің Jýsan экожүйемізді дамытуда алға жасаған үлкен қадамымыз болды және ол біздің клиенттеріміз үшін жаңа тиімділіктер ұсынады, – дейді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Банктің белсенді клиенттері тегін мобильді байланыс қызметтерін және экожүйе ішінде – мобильді қосымшада, интернет-банкингте және Jmart маркетплейсінде қолдануға болатын қосымша бонустар ала алады».

Jýsan Mobile ерекшелігі Jýsan Bank сервистерімен тығыз интерграцияда – Jýsan бірыңғай қосымшасында клиенттер қаржы қызметтерін, мобильді байланысты басқару, сақтандыруды ресімдеу, биржада акциялар сатып алу, Jmart маркетплейсінде тауарлар мен қызметтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

«Tele2/ALTEL желісіндегі бірінші виртуалды операторды іске қосу ҚР мобильді нарығын дамытудағы маңызды қадам болмақ, – деп хабарлады «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС бас директоры Роман Володин. – MVNO концепциясы – бұл, ең алдымен, қандай да бір аудиторияның мұқтаждылықтары мен рухына жауап беретін байланыс пен серіктес қызметтерінің экожүйесін құру. Jýsan Mobile қоса отырып, біз өзіміз үшін жаңа саналатын сегментке аяқ бастық және MVNO нарығында шешімдерді кастомизациялау деңгейі жоғары жетекші ойыншы болуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Tele2/ALTEL операторы кең қамтылуды және қызметтердің жоғары сапасын, ең алдымен, бүкіл Қазақстан бойынша 4G сегментінде қамтамасыз ететінін атап өткен жөн, бұл жаңа MVNO-серіктестің сервистер жұмысының сенімділігіне кепілдік беруге мүмкіндік береді».

«Экожүйелер құру және оларды дамыту клиенттердің бейілділігін қолдау және клиенттік тәжірибені әрі қарай жақсарту мақсатымен бизнесті дамытудағы стратегиялық маңызды шешім болды. Біздер үшін бұл MVNO іске қосу жобасына қатысудың алғашқы және табысты тәжірибесі. Пандемия мен қашықтықтан жұмыс жасау кестесіне қарамастан, үш ұйымның жобалық командасы аз мерзім ішінде үлкен жұмыс атқарды және өз міндетін сәтті түрде орындап шықты», – деп атап өтті «KazTransCom» АҚ басқарма төрағасы Сергей Назаренко.