Шардарадан басталған үлкен қуаныш

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы әкімі

Марғұлан МАРАЙЫМ мырзаға

 

Қадірлі Марғұлан Зұлқарнайұлы!

 

Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурызды бар қазақтың бас қолбасшысы, атақты Алатау батырдың 450 жылдығы, Қоқанға қарсы көтерілістің көсемі Мұсабек батырдың 195 жылдығы және көрнекті мемлекет қайраткері, академик Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдығын атау арқылы қарсы алып отырған шардаралық  жерлестерімді осынау зор мерекелерімен құттықтаймын!

Қазақ тарихындағы шешуші кезеңдерде, Тәуекел ханның , Есім ханның және Салқам Жәңгірдің, яғни ұзақ дәуір Бас қолбасшы болып, байтақ жерді қорғаған, ел ұранына айналған Алаштың Алатау батырын қалай ардақтасақ та жарасады. Қоқанның бегі Мырзабидің басын алған Мұсабек батырдың  да бағалана бастауы енді қолға алынуда. Әлемнің ең жоғары мінбері - Біріккен Ұлттар Ұйымында  алғаш сөйлеп, баяндама жасаған біртуар қайраткер Төлеген Тәжібаевты да қадірлеу кешеуілдеп келе жатқаны белгілі. . Осынау ұлағатты шараның Шардарадан басталуы мен үшін үлкен қуаныш. Ел тарихында ерекше орны бар ұлыларымызды ұлықтауда осы өлкенің перзенті ретінде қолдан келген көмегімді көрсете алатынымды жеткізгім келеді.

Ұлыс оң болып, ұлыларымызды ұлықтау зор бола берсін деп, шырайлы Шығыс, асқар Алтайдан, өскелең өскемендіктер атынан ақ тілегімізді арнаймыз!

 

Ислам ӘБІШЕВ,

Өскемен қаласының әкімі

19.03.2010