Мемлекеттік қызметкерлердің дене салмағы өлшеніп отыратын болды
2020 ж. 20 қараша
1586
0
Өзбекстанда 2021 жылдың 1 шілдесіне қарай мемлекеттік органдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің толық салмағын бағалау өлшемі әзірленіп, оның қорытындысын сараптау және онлайн-мониторинг жүргізу жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды zakon.kz.
Centralasian.org мәліметі бойынша, бұл туралы дене тәрбиесі және спорт министрлігі өкілдері баспасөз мәслихаты кезінде жариялаған.
Олардың айтуынша, мемлекеттік органдар үшін дене жаттығуын жасауға арнайы уақыт белгіленеді.
Бұдан бөлек 2021-2022 оқу жылынан бастап мектептерде дене тәрбиесі сабағына аптасына екі сағат беріледі. Келесі жылы "Өзбекстанның ұлттық спорты мен халықтық ойындарының энциклопедиясы" басылып шығады.
Министрлік өкілдері 2020 жылдың соңына дейін Өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университетінде спорт тақырыбында кітаптар мен журналдар шығаратын арнайы баспа ашылмақ.