АШМ қамауға алынған Тұрсын Қабдолдановқа қатысты түсініктеме берді

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Қамауға алынған Тұрсын Қабдолданов қазіргі уақытта ҚР АШМ қызметкері емес. Бүгін БАҚ-та Экономикалық тергеу қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолдановтың қамауға алынғаны туралы қате ақпарат жарияланды. Тұрсын Қабдолдановтың Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде қызмет атқармайды, - деп жазды ол.

Айтуынша, ол денсаулығына байланысты 2020 жылдың қазан айында ол өз еркімен жұмыстан кеткен.

Сонымен қатар журналистер жазып отырған отандық ірі қара малға диагноз қою туралы бұйрық 2017 жылы қабылданып, сол кездегі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен келісілген. Бұл сұрақтармен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деп түйіндеді Омархан.

Айта кетейік, бүгін экономикалық тергеудер қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолдановты қамауға алғаны хабарланды. Ол жарты миллиард теңге көлеміндегі қаражатты ысырап етті деген күдікке ілінген.

Дереккөз: baq.kz