Өткен тәулікте елімізде 791 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды
2020 ж. 20 қараша
709
0
Өткен тәулікте Қазақстанда 791 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 123 888-ге жетті.
Оның ішінде: Алматы қаласында - 15458(+91), Нұр-Сұлтан қаласында -15448(+53), Шығыс Қазақстан облысында - 14650 (+242), Атырау облысында - 11496(+19), Қарағанды облысында - 10899(+20), Батыс Қазақстан облысында - 7643(+39), Алматы облысында - 5473(+25), Солтүстік Қазақстан облысында - 5345(+85), Шымкент қаласында -5315(+5), Павлодар облысында - 5294(+85), Қостанай облысында - 4552(+63), Ақмола облысында - 4448(+48), Жабмбыл облысында - 4293(+11), Түркістан облысында - 3449(+1), Ақтөбе облысында -3431(+4), Маңғыстау облысында - 3420(+0), Қызылорда облысында -3274(+0).