Халықаралық Оқу Конгресі онлайн форматта өтті

«Сандық және жаһандық өзгерістер дәуіріндегі оқырман ұлт» тақырыбында Халықаралық онлайн Оқу Конгресі болып өтті. Халықаралық оқу Конгресін өткізудің мақсаты – кітапхана саласының барлық мамандарына, ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне ұлттық құндылықтарды, рухани-адамгершілік және мәдени аспектілерді оқу, сақтау, қолдау мәселелері, вирус пандемиясынан кейінгі жаһандық қайта құрулар кезеңіндегі кітапханалар жұмысының бағыттары бойынша пікірталас кездесуіне қатысуға мүмкіндік беру үшін ақпараттық және ғылыми-мәдени онлайн алаң құру. Жиынға Қазақстан Республикасының Даниядағы Құрметті Консулы Leif Midtgaard Pedersen мырза қатысты. Консул мырза өз сөзінде қазіргі қоғамдағы кітапханалардың оқуды насихаттау ісіндегі үлкен рөлін атап өтті: - Құрметті Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және осы отырысқа қатысушылар!Мен кітапхана саласының мамандары үшін онлайн-ақпараттық платформа құру жөніндегі осы бастаманы алға басқан қызықты қадам ретінде қарастырамын. Тарихтан сабақ алуға және осы платформаны болашақ үшін құруға мүмкіндік беретін ұлттық құндылықтар мен мәдени аспектілер осы процестің негізі болуға тиіс. Осы онлайн платформаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан мен бұл бастама мен идеяны 100% қолдаймын. Біз барлық жақсы адамдарға сүйене отырып, пайдалы және керемет платформа құра аламыз деп үміттенемін". Қазіргі уақытта кітапхана жұмысын нақты ғана емес, виртуалды оқырманға бағыттау кітапхана аудиториясын жаһандық деңгейге дейін кеңейтеді. Алғаш рет Қазақстандағы халықаралық оқу Конгресіне халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясының (ИФЛА) президенті Кристин Маккензи қатысып, короновирус пандемиясымен байланысты ақпараттық қоғамдастықтағы жаңа өзгерістер кезеңіндегі ИФЛА жұмысы туралы және сауаттылық пен оқуды әлемдік ауқымда ілгерілетудің маңыздылығы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Халықаралық оқу конгресінің жұмысына Ресей, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Түркия, Латвия, Дания, Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық және басқа кітапханардың мамандаы қатысты.