Қазақстанда осы уақытта 9 541 адам коронавирустан емделіп жатыр
2020 ж. 18 қараша
816
0
Жарияланған мәліметтерге қарағанда, осы кезде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандардың арасында 468 бала бар, деп хабарлайды Қазақпарат.
Стационарларда 2 991 науқас жатыр, 6 550 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 227 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 24 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.