Алматыда жалған 800 000 АҚШ долларын сату дерегі анықталды
2020 ж. 17 қараша
1049
0
Алматыда жалған 800 000 АҚШ долларын сату дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚМ, Қаржылық мониторинг комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ долларын құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар, күдікті жалған 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтаған.
«Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,-делінген хабарламада.