Алматыда бір түнде 39 жол көлік оқиғасы тіркелді

Түнде Алматыда алғашқы қар жауды, соған байланысты полиция қала тұрғындарын жолда абай болуға шақырады. Жалпы ауа райының қолайсыздығы ең бірінші жолдағы ахуалға тікелей әсер етеді. Осы орайда, барлық көлік жүргізушілеріне өз техникалық құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерін айырбастауын сұраймыз. Ең бастысы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жүргізушілік мәдениетті ұстануы тиіс, - делінген хабарламада. Жол үстінде өзара сыйластық таныту ең бірінші жол қауіпсіздігінің кепілі және алып шаһардағы жол көлік оқиғаларын болдырмаудың бірден бірі жолы. Кеше кешкі уақыттан бері ғана Алматы қаласы аумағында 39 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам зардап шексе, 2 адам қаза тауыпты.