Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті. Полиция мәлімдеме жасады
2020 ж. 11 қараша
1700
0
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің қазасы туралы мәлімдеме жасады.
"10 қарашада сағат 22.56-да 102 номеріне Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелестің болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жас жігіттер арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқанын анықтаған. Салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Оның бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ аяғынан жараланып, жедел жәрдем көлігі келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 99-бап 2-бөлімі (адам өлтіру) және 293-бап 3-бөлімі (қылмыстық топ жасаған, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта жанжал қатысушыларын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар тергелуде. Тергеу нәтижесі бойынша әр адамның әрекетіне құқықтық бағалау беріледі. Тергеу жалғасуда" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.