Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды

0
238

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабалық ауданының құрметті азаматы Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдам астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. Оркестрмен әлемдік турне жасаған Еркебұлан Саламатұлы Ахмет Жұбанов құрған оркестрдің бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтірді. Ол Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы.

Алматыдағы П.И Чайковский атындағы музыкалық училищенің баян және оркестр дирижері мамандығы бойынша түлегі. Ленинград жоғары мәдениет мектебін және Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО-дағы ең үздік бес баяншының бірі.

Ол «Гүлдер» республикалық ансамблінің директоры болған және «Қазақконцерт» директорының орынбасары болған. Еркебұлан Мүсіреп еліміздің мәдениет мұрасына және дамуына елеулі үлес қосты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз