Ақпараттық саясат интеллектуализациялауды талап етеді

2
1183

 Әлеуметтік желілер мен блог саласына ерекше назар аудару керек

 

АСТАНА. 22 ақпан. BAQ.kz – ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин «ақпараттық саясатты интеллектуализациялау» мәселесін көтеріп отыр. Бұл жайында Bnews.kz порталы баяндады. 

«2013 жыл жаңа тұлғалардың медиялық кеңістікке шығуымен, қалың көрерменннің белсенді азаматтармен танысуымен»жаңа саяси үлгіні» қалыптастыратын жыл болуы тиіс» деді Марат Тәжин.
Оның айтуынша, біздің ақпараттық саясат нысаналы болып, қоғамның сұранысына жауап беруі керек. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұлай жұмыс істеуіне әлеуметтік зерттеулер септігін тигізбек.
«Қазақстандық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың біріңғай ақпараттар базасын құру қажет. Ол үнемі қоғамдық-саяси өнімдерді әзірлеумен айналысуы тиіс. Сондай-ақ, Әлеуметтік желілер мен блог саласына ерекше назар аудару қажет. Қазақстандық интернет пайдаланушылары арасында үлкен абыройға ие отандық және шетелдік танымал блогерлердің, сарапшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының да ортақ базасын қүруымыз керек» деді Мемлекеттік хатшы.

«Біздің алдымызда интернетті заманауи ұлттық контентпен толықтыру және соның есебінен digital жүйесінде мықты позицияны қамтамасыз ету міндеті тұр. Медициналық интернет сегментін жүйелі түрде дамыту бойынша ұзақ мерзімді жобалар қажет», – деді М.Тәжин.
«Бірінші кезекте шешілуі қажет басты мәселе – қазақстандық «kz» домендік аймағындағы контент сапасы мен санын күрт арттыру. «kz» аймағын контентпен толтыру үдерісі мен оның технологиялық мадернизациясын «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасына сәйкес үйлестіру қажет. Қазіргі уақытта белгілі бір үйлесімсіздік бар. Интернеттегі жобаларды, сайттар, порталдарды дамыту қажет. Әлеуметтік желілер мен блог саласына ерекше назар аудару қажет», – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Қазақ тілді сегментті қолдау бойынша мақсатты түрде жұмыс істеу қажет.

«Газет, радио мен телевизия алдында интернеттегі өз контентін сапалы түрде арттыру, қызықты сайттарды, әсіресе, қазақ тіліндегі сайттарды құру міндеттері тұр. Соңғы айтылған міндет өте маңызды болып табылады. Қазақ тілді сегментті қолдау бойынша мақсатты түрдегі жұмысты жолға қою және интернеттегі сайттардың иелерін біріктіретін барлық қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс жасау қажет», – деді М.Тәжин.

 

Қазақстанда журналист мамандарды даярлау және қайта даярлықтан өткізу жүйесіне жіті назар аударуымыз керек. ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осындай пікірде. 

«Біздің байқағанымыздай, ақпараттық салада заманайуи инфрақұрылым бола тұра білікті мамандардың тапшығы қатты сезіледі, әсіресе аймақтық БАҚ-та. Ағылшынтілді мамандардың жетіспеушілігі айқын білініп тұр. Шет елдерде оқып, сонда тәжірибе жинап келген адамдар жоқтың қасы» деді Тәжин. Ал, ғаламтор болса уақыт өте журналистердің алдына жаңа кәсіби талаптар қойып отыр.
«Білім және ғылым министрлігіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне масс-медиа саласының мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған шараларды қолға алуын тапсырамын. Медиа-ассоциациялармен біріге отырып, ақпараттық саланың мамандарын даярлау және қайта даярлықтан өткізу жоспарын түзу керек» деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Оның айтуынша, журналистерді жұмыстың жаңа әдісіне оқытудың және даярлаудың жүйесі құрылукы тиіс. Ең алдымен бұл аймақтық БАҚ-тарға қатысты.

 

 

2 ПІКІРЛЕР

  1. “Біздің байқағанымыздай, ақпараттық салада заманайуи инфрақұрылым бола тұра білікті мамандардың тапшығы қатты сезіледі, әсіресе аймақтық БАҚ-та. Ағылшынтілді мамандардың жетіспеушілігі айқын білініп тұр. Шет елдерде оқып, сонда тәжірибе жинап келген адамдар жоқтың қасы” деді Тәжин. Ал, ғаламтор болса уақыт өте журналистердің алдына жаңа кәсіби талаптар қойып отыр.
    +++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
    Қой, эй, жұмысыңды істеуге уақытым жоқ!
    Тойға барып, бакалды ұстап тұрып, халыққа жақсы бір баяндама жасауым керек.

  2. АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ИНТЕЛЛЕКТУАЛИЗАЦИЯЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ
    Әлеуметтік желілер мен блог саласына ерекше назар аудару керек. Қазақстанда журналист мамандарды даярлау және қайта даярлықтан өткізу жүйесіне жіті назар аударуымыз керек. ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осындай пікірде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз