Бүгіннен бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин енгізілді

Бүгіннен бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды «Айқын». Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешімімен Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді. 9 қарашадан бастап Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокпост қойылды. Олар Мамлютка қаласы, Бескөл ауылы, Булаев қаласы, Солнечный ықшамауданы және Шаховское елді мекені бағыттары бойынша орналасады.