Табиғаттың тағы бір сынағы

0
784

Апаттың айтып келмейтіні анық. Республикамыздың барлық аймағындағы ағайын Ұлысытың Ұлы күні – наурыз мерекесін тойлап, шат-шадыман күй кешіп жатқанда шығыстағы жұртшылық су апаты салған әлекпен алысып  жатты. Бүгінгі таңда өңірге еліміздің барлық аймағының құтқару қызметтері жұмылдырылды. Апат салдарынан облысқа қарасты Зайсан, Тарбағатай, Абай, Күршім аудандарындағы 13 ауылды су алып кетті. Әсіресе Тарбағатай ауданына қарасты ауылдар қатты зардап шекті.

 Қазіргі таңда 7 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мемлекет қазынасынан ауданға апаттың зардабын жою үшін 20 млн теңге бөлінді.

Бұл ауданда осыған дейін 160 баспана жарамсыз болып қалса, мыңнан астам үйге су кіріп кеткен. 200-ге жуық шаруашылық пен 10-нан астам қыстақты да су шайып кетті. Ауылдарды байланыстырып тұрған көпірлер де қирап қалған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бүгінге дейін облыста 30 мыңнан астам ұсақ мал және 4 мың сиыр мен 1500 мың жылқы қырылып қалыпты.

Бүгінгі күні зардап шеккен аудандарға Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Екібастұз және Астана қалаларынан арнайы келген 300 техника мен 2 мың құтқарушы маман жұмыс  жасауда.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықты сабырлылыққа шақырып, ел жағдайының мемлекет назарынан тыс қалмайтындығын айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз