“Ақ жолдың” кезектен тыс XVI съезіне Шымкенттен 10 делегат сайланды
2020 ж. 04 қараша
1139
0
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Шараға партия белсенділері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда “Ақ жол” партиясының кезектен тыс XVI съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттарды сайлау, партия қатарына азаматтарды қабылдау мәселесі қаралды.
«Ақ жол» партиясы Шымкент филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов филиалдың атқарған жұмыстары туралы, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді және мәслихат депутаттары сайлауына түсетін облыстық, қалалық және аудандық үміткерлерді бекіту мәселесі бойынша баяндама жасады.
Мұнан соң қалалық кеңес мүшелерінің дауыс беруімен Шымкент қалалық филиалынан “Ақ жол” партиясының кезектен тыс XVI съезіне 10 делегат сайланды.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, хаттама толтырылды.