«Ақ жол» партиясының Павлодар облыстық филиалының кезекті II конференциясы өтті

0
154

«Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалының кезекті II конференциясы өтті.

Конференцияға Павлодар облыстық филиалының кеңес мүшелері қатысты.

Конференцияда «Ақ жол» партиясының кезектін тыс XVI съезіне Павлодар облысынан қатысатын делегаттарды сайлау және елімізде өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихат депутаттары сайлауының ережелерін түсіндіру мәселесі қаралды.

«Ақ жол» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Фуат Сатыбаев филиалдың атқарған жұмыстары туралы, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді және Маслихат депутаттары сайлауына түсетін облыстық, қалалық және аудандық үміткерлерді бекіту мәселесі бойынша баяндама жасады.

Мұнан соң облыстық кеңес мүшелерінің дауыс беруімен Павлодар облыстық филиалынан «Ақ жол» партиясының кезектен тыс XVI съезіне делегаттар сайлады.

Сондай-ақ, Қазақ Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «ALASH АРЫСТАРЫ» мәнерлеп оқу байқауының «Бас жүлде» иегері Хуатбекқызы Ботагөзді филиал төрағасы Фуат Сатыбаев жеңісімен құттықтап, марапаттады.

Конференция соңында Хуатбекқызы Ботагөз өзіне байқауда жеңіс әкелген Сұлтанмахмұт Торайғырұлының «Мен қазақ» өлеңін оқыды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз