Басшылар бас бостандығынан айырылды

d182d18ed180d18cd0bcd0b0-d184d0bed182d0be1

Талдықорған қаласының соты наркологиялық диспансердің басшыларын түрлі мерзімге бас бостандығынан айырды.

Өткен жылы Талдықорған қаласын­дағы Есірткі тәуелділігінен емдеу орталығынан өрт шығып, тілсіз жаудың салдарынан 38 сырқат пен екі қызметкер құрбан болған болатын.  Қамыстан салынып, ағашпен қапталған ескі ғимаратта өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан, өрт санаулы уақытта-ақ 620 шаршы метр жерді шарпыған еді.   Орын алған оқиғаның себебін анықтау барысында мекеменің бас дәрігері мен меңгерушісіне қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған деген айып тағылған. Жуырда Талдықорған қаласының соты бас дәрігер Юрий Седовты 4 жылға, ал шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Любовь Чухнекованы 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Тілсіз жаудың бетін енді әрі қылсын дейік. Дегенмен, ендігі басшылар осындай оқиғадан сабақ алса игі еді