Премьер-министр Мамин жаңа қаулыға қол қойды

Асқар Мамин Қызылорда облысының бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беріп, жаңарту туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 28 қазанындағы №712 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің "Өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мүлкаман Қалауовтың есімі;

2) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 80 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Жүргеновтің есімі;

3) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 279 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Елеу Көшербаевтың есімі;

4) Жалағаш аудандық білім бөлімінің № 201 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

Сондай-ақ,  Қазалы аудандық мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді және Қызылорда қаласындағы "Мұрагер мектебі"  "Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп" болып ауысты.

Қаулы 2 қарашада жарияланды, демек осы күннен бастап күшіне енді.