Асқар Мамин Қызылорда облысының бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беріп, жаңарту туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.
ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 28 қазанындағы №712 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:
1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мүлкаман Қалауовтың есімі;
2) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 80 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Жүргеновтің есімі;
3) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 279 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Елеу Көшербаевтың есімі;
4) Жалағаш аудандық білім бөлімінің № 201 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.
Сондай-ақ, Қазалы аудандық мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді және Қызылорда қаласындағы «Мұрагер мектебі» «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» болып ауысты.
Қаулы 2 қарашада жарияланды, демек осы күннен бастап күшіне енді.