Kaspi Bank-ті тонап кеткен күдіктілер ұсталды
2020 ж. 30 қазан
1096
0
Алматы полициясы Kaspi Bank-ке жасалған қарақшылық шабуылдың бетін ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туылған үш ер адам ұсталды.
Күдіктілер - С. және У. есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталды.
Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды.
"Заттай дәйектер - ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192 бабы, 3 бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.