Қазақстанда бір тәулікте 400-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 392 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 111 492-ге жетті. Оның ішінде: Алматы қаласында – 14711 (+18), Нұр-Сұлтан қаласында – 14537 (+27), Атырау облысында – 11282 (+12), Қарағанды облысында – 10542 (+10), Шығыс Қазақстан облысында – 9565 (+205), Батыс Қазақстан облысында – 7000 (+8), Шымкент қаласында – 5232 (+1), Алматы облысында – 5131 (+19), Солтүстік Қазақстан облысында – 4417 (+17), Павлодар облысында – 4219 (+23), Жамбыл облысында – 4183 (+3), Ақмола облысында – 3684 (+20), Қостанай облысында – 3616 (+8), Түркістан облысында – 3414 (+5), Маңғыстау облысында – 3392 (+1), Ақтөбе облысында – 3305 (+12), Қызылорда облысында – 3262 (+3). Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 111 492.