Мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа ауыстыру шешімі қабылданды
2020 ж. 27 қазан
4812
0
Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа ауыстыру туралы шешім қабылдады, алайда 300 оқушыға дейін деген шектеу бар, деп хабарлайды "Қазақ үні".
Премьер-министрдің баспасөз қызметі Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК бірқатар шешім қабылдағанын жариялады:
I. Мектептегі оқыту бойынша:
- екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін;
- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін.
Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті.